20 қыркүйек 2019 | 09:14

Қытайдың ең бай адамы Тоқаевқа неге таңғалды?

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Президент Телерадиокешеніне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Президент Телерадиокешеніне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытайлық миллиардермен әңгіме Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары кезінде жазылған. Джек Ма Қазақстан Президентімен кездесуі жайлы әңгімеледі. Сұхбат "Барыс пен айдаһардың стратегиясы: өзара сыйластық және мәңгілік әріптестік" деректі фильміне енді.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен таңғаларлықтай кездесу болды. Ол мықты көшбасшы және ол өте қатты шабыттандырады. Оның өз еліне деген құмарлығы маған қатты әсер етті... Бұл тамаша кездесу болды", - деді Джек Ма.

Миллиардердің айтуынша, ол Қазақстанда 3-4 рет болған.

"Әр барғанымда бірнеше жағдай таңғалдырды. Бұл сұлулық, ұлы адамдар, сіздердің елдің батырлары, сондай-ақ еңбексүйгіш халықтарыңыз. Қазақстанға барған сайын көптеген қызықты орындарда боламын... Мен сіздердің елді жақсы көремін, оның мәдениетін жақсы көремін және жаңа достар табуды ұнатамын. Сіздерде Геннадий Головкин сияқты батыр бар! Сіздердің халық өте қонақжай".

Естеріңізге сала кетейік, Джек Ма өзінің 55 жылдық мерейтойында ресми түрде Alibaba директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткен еді. Отставкаға кеткеннен кейін Президент Телерадиокешеніне сұхбат берген ол Ханчжоу қаласындағы стадионда үлкен мереке ұйымдастырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная