09 желтоқсан 2015 15:20

Қытайлар қазақ тағамдарына қызығушылық танытып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© timelady.ru © timelady.ru

Қытайлар қазақ тағамдарына қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Қытайлар қазақ тағамдарына қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Ақпарат құралының мәліметінше, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдеріне Қытайда сұраныс жоғары. Себебі қазақстандық тауар экологиялық таза әрі табиғи. Өткен жылы еліміз көрші елге 378 мың тоннадан астам азық-түлік өнімін тасымалдаған. Қытай ары қарай да әріптестік қатынасты нығайтуға мүдделі. Осы мақсатта Алматыға Ганьсу аймағынан бір топ кәсіпкерлер келген.

"Қазақстан соңғы жылдары жаңа нарықты белсенді түрде игеріп келеді. Өткен жылы Қытайға 144 миллион доллар тұратын 380 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізген. Көрші мемлекет Ресейге қарағанда Қазақстанға 10 есе көп инвестиция құяды. Елімізге олар барлық инвестиция қаражатының 91 пайызын, яғни 23 миллиард доллар қаржы салып отыр. Қазақстан 2010 жылдан бері 200 миллиард доллардан астам шетел инвестициясын тартқан", - деп хабарлады телеарна.

Орталық Азия аймағы бойынша Қазақстанда шетелдік инвесторларға тиімді жеңілдіктер қарастырылған. Өзге ел бизнесмендері басым салаларда корпоративтік табыс пен жер салығынан 10 жылға дейін босатылған. Сондай-ақ, инвесторлар мүлік салығын 8 жылға дейін төлемеуге құқылы.

"Қазақстанда жұмыс істеген өте тиімді. Қолайлы салық жүйесі, жеңілдіктер, еркін экономикалық аймақ. Мұның барлығы - бизнесмен үшін таптырмас мүмкіндіктер. Мен өз жерлестеріме: "Қазақстанға назар салыңдар", деп үнемі кеңес беремін",- деді Ганьсу провинциясының коммерция департаментінің өкілі Ши Ен Джанг.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети