20 ақпан 2014 16:07

Қыз балалар арасында республикалық олимпиада өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

27 ақпан күні еліміздің бес облысында қыз балаларға арналған «Ыбырай Алтынсарин – 2014» республикалық пәндік олимпиада өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің медиаорталығына сілтеме жасап. Биыл олимпиада әдеттегідей жеті пән бойынша емес, сегіз пән бойынша өтеді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, химия. Олимпиада жұмысының ең жоғары ұпайы – 100 балл. Ұйымдастырушылардың айтуынша, білім сайысының басты мақсаты - мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу, дарынды оқушыларды айқындау, Қыздар университетіне білімді жастарды тарту. «Ы.Алтынсарин – 2014» аталатын олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсуге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленген оқушы таңдаған мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда университет ректорының шәкіртақысыз грантына ие болады. Жүлделі орын алмағанымен, олимпиаданың жоғары деңгейлерін­ен өткендерге жоғары оқу орнына бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіледі", - дейді университеттің қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Нәзира Жұмағұлова. Білім сынағы 27 ақпан күні сағат 12.00-15.00 аралығында Алматы қаласында, Алматы облысының Талдықорған, Жаркент қаласы мен Райымбек ауданында, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларында, сонымен қатар, Қызылорда облысындағы Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында және Қостанай облысының орталығында өтеді. Қазіргі уақытта олимпиадаға қатысуға тілек білдіруші оқушыларды тіркеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети