“Қыздар.нет“ жұмыс істеп тұр ма? Ұйымдастырушылар ұсталғаннан кейін сайтта не өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қыздар.нет“ жұмыс істеп тұр ма? Ұйымдастырушылар ұсталғаннан кейін сайтта не өзгерді? Фото:depositphotos.com

Атышулы "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанына қарамастан, негізгі домен бұғатталса да, ресурстың жекелеген "айналары" әлі де ашылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі уақытта сайтта қандай өзгеріс болғанын анықта көрді.


Атышулы "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанына қарамастан, негізгі домен бұғатталса да, ресурстың жекелеген "айналары" әлі де ашылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазіргі уақытта сайтта қандай өзгеріс болғанын анықта көрді.

"Қыздар.нет" ұйымдастырушылары қалай ұсталды: оқиғалар хронологиясы

15 маусымда Алматы прокуратурасы және ІІМ "Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл ресурс ұзақ жылдар бойы интимдік қызметтер туралы хабарландыруларды орналастырып, ілгерілету үшін пайдаланылған.

Осы хабарламалардан кейін сайт ашылмай қалды, алайда пайдаланушылар оның "айналарына" әлі де қолжетімділік бар екенін айтады.

Анықтама: Сайттың "айнасы" – басқа серверлерде орналасқан негізгі ресурстың дәлме-дәл көшірмесі. Мұндай көшірмелер пайдаланушыларға бұғаттауды айналып өтуге мүмкіндік береді, бірақ оларға кіру жиі шектеледі немесе VPN пайдалануды талап етеді.

"Қыздар.нет" боты бұғатталды, бірақ сайт емес

Сайт көшірмелерінің бірінде платформаның стандартты сипаттамасы, интимдік қызметтер туралы жүздеген белсенді хабарландыру мен Telegram-ботты қоса алғанда, қолжетімділіктің басқа тәсілдеріне сілтемелер сақталған.

Сайт скриншоты

Алайда сілтеме бойынша өтпек болғанда, бот Қазақстан заңнамасын бұзуына байланысты қолжетімсіз екені туралы хабарлама шығады.

Сайт скриншоты

Басқа ішкі Telegram-арналар, мысалы, тіркелуге арналғандары әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл ретте сайттың өзінде бұғаттауды айналып өтуге арналған нұсқаулық - прокси-сервистерді пайдалану бірден көрсетілген.

Сайт скриншоты

Сайт пайдаланушылары не жазып жатыр?

Сонымен қатар сайт форумында пайдаланушылар ұстау туралы жаңалықтарды талқылап жатыр. Бірі әкімшілерге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді деп болжаса, енді бірі сайтта жұмыс істейтін қыздарға қысым көрсету және қорқыту туралы айтады.

  • "Бұл жерде ертегі айтудың қажеті жоқ. Админдердің көбін ұстап алып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жаздырып алды", – деп жазды пайдаланушылардың бірі.
  • "Мен осы сайттың бағдарламашысымен байланыста болдым, ол барлық админнен жоғары. Оларда үлкен мәселе туындады, олармен мықтап айналысып жатыр. Менің де байланысым үзілді", – деп атап өтті талқылаудың тағы бір қатысушысы.

Талқылаулар скриншоты

Бұл ретте пікір білдірушілердің бір бөлігі ресурс жақын арада жұмысын қайта бастауы мүмкін деп есептейді.

  • "Бос сөзді қойыңдар, ұстады, қорқытып жатыр және тағысын тағы, жақын арада сайт жұмыс істей бастайтын шығар, – делінген хабарламалардың бірінде.

Сайт скриншоты

Айына 500 миллион табыс – ұстаудың егжей-тегжейі

Бұған дейін ІІМ ұстаудың егжей-тегжейін хабарлаған болатын. Полиция мәліметінше, сайтта интимдік қызмет көрсететін 9 000-ға жуық анкета орналастырылған, оның ішінде 500-ден астамы дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы адамдардың анкетасы.

Тергеу нұсқасы бойынша, іс фигуранттары IT-компания негізін қалаушылар, ал ресурс технологиялық және қаржылық схеманың бір бөлігі ретінде пайдаланылған.

"Олар әзірлеген Kyzdar.net сайты негізгі жобалардың бірі болды және кейін қызмет көрсету саласындағы басқа заңды IT-өнімдерді жасау кезінде енгізілген бағдарламалық шешімдерді әзірлеу мен тестілеуге арналған технологиялық платформа ретінде пайдаланылды", – деп хабарлады ІІМ.

Тергеу болжамы бойынша, сайттан түскен табыс айына 500 миллион теңгеден асуы мүмкін, операциялардың бір бөлігі криптовалюта арқылы жүргізілген.

Тінту барысында:

  • 144 миллион теңге қолма-қол ақша,
  • 1,3 миллион доллардан астам қаражат,
  • криптовалютадағы 300 мың доллардан астам сома,
  • оқ-дәрілері бар қару-жарақ,
  • 150-ге жуық компьютерлік және басқа да техника,
  • автокөлік,
  • құжаттар және іс бойынша басқа да дәлелдемелер тәркіленді.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер 7 маусымда ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі "Интернет желісі арқылы жасалған жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз қызметтен түскен табыс 2 миллиард теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура істің барысын ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Мұндай қылмыс үшін қандай жаза қарастырылған?

Қазақстанда мұндай қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланады. Бұл бөлікте келесі жағдайларда жауапкершілік қарастырылған:

  • алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен;
  • бірнеше рет жасалса;
  • интернет және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы;
  • осындай қызметтерді жарнамалау немесе ілгерілету арқылы;
  • кәмелетке толмағандарды тарта отырып.

Осы бап бойынша ұйымдастырушылар мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер тергеу барысында қылмыстың ұйымдасқан топ тарапынан жасалғаны дәлелденсе, бұдан да қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Мұндай жағдайда мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Неге сайт әкімшілері бұдан бұрын сотталмады?

Бұл жолғы ұстау – ресурс басшылығын жауапқа тартудың екінші талпынысы.

2023 жылдың көктемінде полиция Kyzdar.net сайтының 11 топ-менеджері ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол кезде тергеушілер Қылмыстық кодекстің 309-бабы – "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Алайда істі сотқа дейін жеткізу мүмкін болмады. 2024 жылы іс тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz-ке бұған заңнамадағы олқылықтар себеп болғанын түсіндірді.

"Тергеу органдары сол кезде заңнамада "телекоммуникация желілерін, интернетті пайдалану арқылы жасалған жеңгетайлық", "жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау арқылы" деген ұғымдардың болмауына байланысты олқылықтарға тап болып, соның салдарынан бұл қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлады ІІМ.

Заңда не өзгерді және сайт осы уақытқа дейін неге жұмыс істеп келді?

Осыдан кейін 2024 жылғы қыркүйекте Қылмыстық кодекске түзетулер қабылданды. Енді заң келесі тұлғаларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді:

  • секс-притондарды ұйымдастырушылар;
  • жеңгетайлар;
  • интимдік қызметтерді жарнамалайтын тақырыптық чаттар мен интернет-сайттардың әкімшілері.

Америкалық хостинг және домендерді ауыстыру: "Қыздар.нет" қалай жылдар бойы жұмыс істеп келді

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі заңсыз контенті бар веб-ресурстарды үнемі бұғаттайтынын, ал нақты Kyzdar.net-пен күресу үшін ведомство арнайы жұмыс тобын да құрғанын хабарлаған болатын.

Соған қарамастан, сайт ұзақ уақыт бойы ашық болып келді. ІІМ өкілдері иелері хостингті америкалық интернет-провайдерлерден жалға алатынын түсіндірді. Қазнет кезекті адресті бұғаттаған сайын, әкімшілер домен атауын "Kyzdar.net"-тен "Kyzdar2.net" немесе "Kyzdar4.net"-ке лезде өзгертіп отырған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Kyzdar.net сайтының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +27
Атырау +31
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +29
П
Павлодар +24
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +29
О
Орал +24
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер