28 сәуір 2021 09:33

"Қызылорда аруы" Гүлнұр Нұртаза таныстарын әбігерге салып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/nurtaza.gulnur Фото: instagram.com/nurtaza.gulnur

Әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы - 2019" және "Қызылорда аруы - 2017" сұлулық байқауының финалисі Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды. Ол 26 сәуірде ешкімге ескертпей үйінен шығып кетіп, туыстарын әуре-сарсаңға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі топтарда бойжеткен Алматыда барахолка маңында жоғалып кеткені, оның үстінде сұр жемпір және өзімен қызғылт түсті рюкзак болғаны хабарланған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері Гүлнұр Нұртазаны іздеу жұмыстары жүргізілгенін растады, қыз табылды. 

"Алматы қаласының полиция департаменті Алатау аудандық полиция басқармасына хабар-ошарсыз кеткен қыз туралы өтініш құрбысынан түскенін хабарлайды. Қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпей Таразға кетіп қалғаны анықталды. Ол аман-есен байланысқа шықты", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети