25 ақпан 2014 16:09

Қызылорда айналасы жасыл желекке оранбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда қаласының айналасы келешекте жасыл желек жамылған аймаққа айналмақшы. Бұл жайында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлім етті. Бұл жұмыс облыс әкімінің тапсырмасы негізінде қолға алынып отыр. Облыс орталығына кіре берістегі бөліктердің көрер көзге көріксіз көрініп келгені жасырын емес. Ендігі кезекте сол бөліктер жасыл желектер жамылып, қаланың келбетін айшықтай түседі. Шымкент жақтан қалаға кіре берістегі аумақта бұл мақсатта 29 гектар алқап бөлініп отыр. Басқарма басшысының айтуынша, ол жерлерге саялы ағаштар мен сексеуіл егілетін болады. Сондай-ақ, халықаралық "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" көлік дәлізінің қалаға қарасты жолмен түйісер тұсында да алдағы жылдарда жасыл желек жайқалып тұрмақшы. Ал Қорқыт ата әуежайы аумағындағы бөлікте 4 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылады. Мұндай жұмыстар қалаға кіре берістегі барлық аумақтарда қолға алынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети