Қызылорда облысында есірткі заты – марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің полиция қызметкерлерімен есірткі тасымалының жолын кесті.
"Атап айтқанда Самара-Шымкент тасжолы бойының, Төретам кенті тұсында жылдамдық режимін бұзған автокөлік тоқтатылып жолаушыны тексеру барысында 4 полиэтилен пакетке оралған салмағы 20 келі болатын психотроптық зат кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді", - делінген хабарламада.
Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!