Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешеніне "ақылды технологиялар" енгізіліп жатыр

05 Қараша 2018, 20:27
0
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешеніне "ақылды технологиялар" енгізіліп жатыр -

Сыр өңірінде агроөнеркәсіп кешені саласында "ақылды технологияларды" енгізу мақсатында автоматтандырылған жылыжай салынып, "электронды ветеринария" жобасы іске қосылды және Агробиржа жобасы жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Электронды ветеринария" жобасы аясында Mobi-VET мобиль қосымшасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты - фермерлік шаруашылықтар мен халықтың жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындауы бойынша толық ақпарат алу.

Сонымен қатар, "жобалық басқару" аясында аймақта электронды сауда алаңын - Агробиржаны құру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өнімді тиімді өткізуге көмектеседі және де негізгі тірек сыртқы нарықтарға жасалады.

"Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз ету және сыртқы нарыққа сапасы жағынан ғана емес, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті жоғары сапалы дайын өніммен шығу міндетін қойып отырмыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл тұста "ақылды технологияларды" енгізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бірінші кезеңде біз малдарды бақылауға арналған навигаторларды іске қостық, "электронды ветеринария" жобасы мен автоматтандырылған жылыжай құрылысын жүзеге асыра бастады", - деді аймақ басшысы.

Бұл ретте күріш шаруашылығы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде жетекші сала болып қала береді.

"Биылғы су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан 473 мың тонна (54,5 ц/га) күріш өнімін жинадық. Және ағымдағы жылы судың жетіспеуіне байланысты 600 мың га күріш егістігін жоғалттық.  Сондықтан да, осындай жағдайларды болдырмау үшін қазір өңірде су тасқыны кезеңінде 2 миллиард м3-тан астам су жинайтын "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларын салу мәселесін қарастырудамыз", - деп атап өтті облыс әкімі.

Қызылордалық аграрлар Монғолия, Түркия, Ауғанстан нарықтарын игеруде. Дәстүрлі өнімдерінен бөлек Иранға экспорттау үшін Иран сорттарын да шығару қолға алынған.

2016 жылы бақша дақылдарының экспорты қайта жаңғыртылса, 2017 жылы Араб Әмірліктеріне, Иран, Монғолия және Өзбекстанға көкөніс пен мал экспорты басталды, ал, ағымдағы жылы Қытайға алғаш рет мақсары майын жіберді. Қабылданған шаралар соңғы жылда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін 28 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.

Күріш, тұз және балық-өңір экспорттай алатын жалғыз тауарлар емес. Облыс үлкен экспорттық әлеуетке ие және сала экспортқа бағдарланған (өңірлік экономиканың драйвері) болуы мүмкін. АӨК саласын дамыту біз үшін өңірлік экономикаға үлес ретінде ғана емес, сондай-ақ, осы салада ауыл халқының басым бөлігін жұмыспен қамту тұрғысынан да маңызды болып табылады.

Айта кету керек, бірнеше жыл ішінде облыстың ЖІӨ-дегі ауылшаруашылығының үлесі 2,5 пайыздан 3,7 пайызға дейін артты. Бұл экономика құрылымындағы өзгерістердің сапалылығын аңғартады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай