01 қазан 2019 19:11

Қызылорда облысының әкімі Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлермен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Халықаралық қарттар күніне орай аймақ басшысы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Халықаралық қарттар күніне орай аймақ басшысы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгінде облыста зейнет жасындағы 74 мыңға жуық қария бар.

Ардагерлердің әлеуметтік мәселелері әрқашан назардан тыс қалған емес. Мәселен аймақтағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған. Соған сәйкес егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғауға, денсаулығын жақсартуға, қоғамдық өмірге тартуға, компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап 69 мыңнан астам зейнетақы алушының базалық зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтіліне байланысты тағайындалған.

Сондай ақ облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы қазіргі таңда Қызылорда қаласында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы, облыстық қарттар үйінің жанынан 100 орындық және қалалық ардагерлер үйінің жанынан 50 орындық, Шиелі ауданында 50 орындық ардагерлер мен мүгедектерге арналған күндізгі стационар жағдайында оңалту бөлімдерінде 3 мыңға жуық адам қызмет алып жүргендігін де атап өтті.

"Облыста бірнеше жылдан бері "Сыр мейірімі" жобасы жүзеге асып келеді. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, көмекке мұқтаж 220 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер, аз қамтылған отбасылары түскі аспен қамтылып келеді", - деді облыс әкімі.

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен ардагерлерге елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына саяхат ұйымдастырылып келеді. Биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай 200-ден астам ардагерлер Өзбекстан Республикасының және Маңғыстау облысының тарихи орындары мен көрікті жерлерімен танысып келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети