01 ақпан 2021 16:41

Қызылорда облысының әкімі коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова COVID-19 инфекциясына қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова COVID-19 инфекциясына қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!", - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Қызылорда облысының халқына алғашқы кезеңде 80 000 доза вакцина салынатыны хабарланды. 1 ақпанда өңірге ресейлік "Спутник V" вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен әкелінеді. Бұл жұмыстарға алғашқыда №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер жұмылған.

Еске салайық, 1 ақпанда Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталған. Еліміздің бас санитар дәрігері алғашқылардың бірі болып "Спутник V" вакцинасын салдырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети