08 сәуір 2023 12:15

Қызылорда облысының полицейлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп соққы мен тепкінің астына алады.

Кейін видео әлеуметтік желіден өшірілді.

Бұл жағдайға байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін облыстық полицияға жүгінді. Тәртіп сақшылары оқиға биыл 6 сәуірінде Қазалы ауданында болғанын айтты.

"Аудандық ауруханадан кәмелетке толмаған баланың емделіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, бұл дерек Қазалы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.

Жасөспірімнің айтуынша, сол күні Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалған. Қазір жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленуші мен ата-анасынан шағым түскен жоқ", - деді Қызылорда облысының полиция департаменті өкілдері.

Соған қарамастан тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде қосымша мониторинг жүргізіп, екі кәмелетке толмаған баланың бұл жасөспірімді соққыға жыққанын анықтады.

"Бұл дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети