28 наурыз 2022 15:11

Қызылордада 17 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдана Тұралы. Әлеуметтік желіден алынған фото Айдана Тұралы. Әлеуметтік желіден алынған фото

2022 жыл 21 наурызда сағат 20:00-де Қызылордада 17 жастағы қыз белгісіз бағытқа үйден шығып кеткен. Полицейлер оны іздеп жатқаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2022 жыл 21 наурызда сағат 20:00-де Қызылордада 17 жастағы қыз белгісіз бағытқа үйден шығып кеткен. Полицейлер оны іздеп жатқаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық әлеуметтік желілерде Айдана Тұраланың сипаттамасы мен суреттері жарияланып жатыр.

"Айдананы іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, еріктілер де қосылды", - деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, қыз тірі, жақын арада табылады.

"Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Қыздың таныстары мен достарынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны тапқан бойда халыққа дереу хабарлаймыз", - деп қосты полицейлер.

Қыздың бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қара, қысқа. Кәмелетке толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 (7242) 29-75-20 телефоны немесе 102 арнасы арқылы полицияға хабарлауды сұраймыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети