20 ақпан 2014 18:26

Қызылордада жаңа драма театр салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласындағы Н. Бекежанов атындағы драма театр.©Нұрғиса Елеубеков Қызылорда қаласындағы Н. Бекежанов атындағы драма театр.©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда қаласында жаңа драма театрдың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінде облыс орталығында Н. Бекежанов атындағы драма театр жұмыс істейді. Бұл өнер ұжымының 60 жылға таяу тарихы тасқа басылған. 1955 жылы Алматы облысында ұйымдастырылған театр 1960 жылы Қызылорда қаласына көшірілген. Театрдың қазіргі ғимаратына сол жылдарда қоныстанған. Дегенмен, қазіргі уақытта ғимарат бүгінгі күн талаптарына сай келмей тұр. Өңірдегі іргелі өнер ошағы болғандықтан драма театрдың жаңа заманға сай келбетке ие болуы бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесінің біріне айналып отыр. Ендігі кезекте сол олқылықтың орны толтырылатын болады. Қызылордада көркі көз тартарлық театр ғимараты бой көтермек. Қазіргі уақытта осы мақсатта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети