22 қазан 2023 14:20

Қызылордада көшедегі 38 шамды сындырып тастағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қазанда таңғы алты шамасында жергілікті тұрғыннан сол жағалаудағы және мектептің жарық бағаналарын белгісіз біреулер сындырып кеткен туралы хабарлама түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qyzylorda PD (@kzo_pd)

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, бұзақыларды анықтау үшін іздестіру жүргізген. Нәтижесінде сол қылмысқа қатысы бар екі жасөспірім анықталды.

Бұл қылмысқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ұсталған жасөспірімдер істеген ісіне өкінетінін жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети