07 тамыз 2018 09:01

Қызылордада шенеунік жұмыс орнында үш сағат болмағандықтан жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жылдың басынан бері бес мемлекеттік қызметкер теріс себептер бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихаты барысында департамент жетекшісі Абзал Мұхимов сыбайлас жемқорлықпен екі қызметкер, тәртiптiк құқық бұзушылықпен екі қызметкер, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, тағы біреуі жұмыс орнында себепсіз үш сағат бойы жоқ болғандықтан босатылғанын айтты. 

Алдыңғы жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандардың саны 3,5 есеге төмендеген. 

Жылдың басынан бері мемлекеттік қызметтен өз еркімен 48 адам кетіп, оның ішінде шенеуніктердің басшылық құрамынан 14 адам кетті. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлер саны 3 737 болса, ал қызметкерлердің нақты саны - 3 588.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети