19 ақпан 2014 18:48

Қызылордада үш ауысымда оқитын мектеп жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылордада үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Сыр өңірінде білім саласында жаңа нысандарды пайдалануға беру есебінен үш ауысымда оқитын мектеп мәселесі толықтай шешімін тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақта барлығы 291 мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орны жұмыс істейді. Оның ішінде 250-і орта мектеп болса, 25-і негізгі және 16-ы бастауыш білім беру ошақтары санатына жатқызылады. Өткен жылы облыста 17 жаңа мектеп есігін айқара ашып, халықтың игілігіне берілді. Онда барлығы 5,6 мың оқушы білім алуда. Олардың арасында Шиелі мен Жаңақорған аудандарында төрт төрттен, Қызылорда қаласында – 3, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында екі-екіден білім ошақтары ашылған. Үстіміздегі жылы сол игілікті шаралар жалғасын табады. Облыста құлау алдында тұрған 12 мектеп қайта салынбақ. Жалпы алғанда, Қызылорда өңірінде осындай күйде тұрған 24 білім ошағы бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети