©Liter.kz
Соңғы жылдарда Қызылорда облысында үшемдер мен егіздердің саны артып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Былтыр өңірде 160 егіз бен 1 үшем жарық дүние есігін ашқан екен. Ол жақсы үрдіс биыл да жалғасын тауып жатыр. Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айының өзінде 3 үшем, 26 егіз нәресте облыс тұрғындарының санын толықтырған. Қызылорда облысы демография жөнінен үздіктер қатарында келе жатқан өңірлердің бірі саналады. Өткен жылы облыста 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген. Бір қызығы, үшемдердің өмірге келуі соңғы оншақты жылда ұдайы қайталану үстінде. Әрбір жылда кем дегенде 1 үшем, ал кейбір жылдарда 5-6 үшем өмірге келген. Жақында облыстық перинатальды орталықта екі бірдей үшем дүниеге келді. Олардың бірі – Қазалы ауданында тұратын Кенжегүл Ерімбетова Диас, Мирас, Манас есімді ұлдарды дүниеге алып келсе, Жаңақорған ауданы Белібай ауылының тұрғыны Нұргүл Бегімбетова Абдулазиз, Абдулрахим және Райана есімді ұл-қыздардың анасы атанды.
Соңғы жылдарда Қызылорда облысында үшемдер мен егіздердің саны артып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Былтыр өңірде 160 егіз бен 1 үшем жарық дүние есігін ашқан екен. Ол жақсы үрдіс биыл да жалғасын тауып жатыр. Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айының өзінде 3 үшем, 26 егіз нәресте облыс тұрғындарының санын толықтырған. Қызылорда облысы демография жөнінен үздіктер қатарында келе жатқан өңірлердің бірі саналады. Өткен жылы облыста 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген. Бір қызығы, үшемдердің өмірге келуі соңғы оншақты жылда ұдайы қайталану үстінде. Әрбір жылда кем дегенде 1 үшем, ал кейбір жылдарда 5-6 үшем өмірге келген.
Жақында облыстық перинатальды орталықта екі бірдей үшем дүниеге келді. Олардың бірі – Қазалы ауданында тұратын Кенжегүл Ерімбетова Диас, Мирас, Манас есімді ұлдарды дүниеге алып келсе, Жаңақорған ауданы Белібай ауылының тұрғыны Нұргүл Бегімбетова Абдулазиз, Абдулрахим және Райана есімді ұл-қыздардың анасы атанды.