08 сәуір 2021 13:32

Қызылорданың жаңа әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы. Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы.

Ғанибек Қазантаев Қызылорда әкім болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғанибек Қазантаев Қызылорда әкім болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда әкімі қызметінен кеткені туралы хабарланған еді. Енді ол Премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылдың қыркүйегінен бері ол "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік өңіраралық Басқармасы" РММ басшысы болған.

Ғанибек Қазантаев 1960 жыл Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жамбылгидромелиоративтік құрылыс институтын инженер құрылысшы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетін  мұнай-газ  кен орындарының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш ауданында жылжымалы механикаландырылған колоннаның мастері болып бастады.

1981-1983 жылдары  Кеңес әскері қатарында болды.

1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс мекемелерінде мастер, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, бас инженер болып қызмет атқарды.

1992-2013 жылдың 30 маусымына дейін "Нефтегаз строй Кызылорда" корпорациясының президенті, "АйДан" ЖШС-гі атқарушы директоры, "Ақмешіт" АҚ  президенті, "Сырдария мұнай" АҚ Бас директоры, "Транснефтьсервис" БК" ЖШС-нің  Бас директоры, 2007 жылдан 2013 жылға дейін "Kazpetrol Group" ЖШС-нің атқарушы директоры болды.

2013 - 2019 жылы Сырдария ауданының әкімі қызметін  атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бастап Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқарма басшысы қызметіне келді.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети