09 қазан 2020 16:39

"Лас қолғаппен алады" - Ақтөбедегі ауруханада түсірілген видео Желіде талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе стационарында COVID-19-ға талдау алатын жерде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары дәрігерлер жұмыс кезінде қолғаптарын ауыстырмайтынына және сол арқылы санитарлық нормаларды бұзатынына наразы. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе стационарында COVID-19-ға талдау алатын жерде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары дәрігерлер жұмыс кезінде қолғаптарын ауыстырмайтынына және сол арқылы санитарлық нормаларды бұзатынына наразы. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланды.

"Ақтөбеде әуежайда Түркиядан келген адамдардың ковидке тест тапсырып жатқан кезі түсірілген видео белсенді тарап жатыр. Адамдарды шағын бөлмеде ұстайды, талдауды лас қолғаппен алады, сол қызметкерлер қағаз толтырады, содан кейін таяқшаларын аузымызға салады.

Екінші толқын өзі келе алмаса, денсаулық сақтау министрлігі көмектеседі!" - деп жазған автор.

Кадрларда бір әйел кезекте тұрып, медицина қызметкерімен ұрысады.

"Неліктен қолғап ауыстырмайсыздар? Мен тест тапсырмаймын", - дейді ол.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы жағдайға түсінік берді.

"7 қазанда сағат 20.30-да Ақтөбеге Анталиядан (Түркия) бортында 146 жолаушысы бар чартерлік авиалайнер келді...

22.30-да анықтамасы жоқ 59 жолаушы Досжанова көшесіндегі карантиндік стационарға жеткізілді. Барлық жолаушы автобустан бір уақытта түскендіктен, стационар холлында адамдар көп жиналды. Келген азаматтарға әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылды.

ПТР тестілеу үшін материал алынғаннан кейін талдаулар зертханаға жіберілді. Келесі күні ПТР барлығында теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, Түркиядан келген 59 адам ауруханадан шығарылды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видео бойынша, медицина қызметкерлермен оқиғаға талдау жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Бекболат Ізбасаров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети