01 маусым 2023 18:00

Ләззат Ибрагимова: Өзіңізді ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз!

ПОДЕЛИТЬСЯ

ARU LIFE жобасының жаңа қонағы - "Отбасы банктің, басқарма тқрайымы, үш баланың анасы, жас әжі Ләззат Ибрагимова. Қазақстанның бас қаржыгерлерінің бірі Жүргізуші Ольга Спиринаға берген сұхбатында өз отбасы, қызмет жолында кезіккен қиындықтары және көшбасшы болу үшін тұлғаның қалай даму керектігін айтып берді. ARU LIFE жобасының жаңа шығарылымын 31 мамыр күні сағат 20:00-де Tengri TV YouTube-арнасынан көріңіздер. ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel ұялы байланыс операторы.


ARU LIFE жобасының жаңа қонағы - "Отбасы банктің, басқарма тқрайымы, үш баланың анасы, жас әжі Ләззат Ибрагимова. Қазақстанның бас қаржыгерлерінің бірі Жүргізуші Ольга Спиринаға берген сұхбатында өз отбасы, қызмет жолында кезіккен қиындықтары және көшбасшы болу үшін тұлғаның қалай даму керектігін айтып берді. ARU LIFE жобасының жаңа шығарылымын 31 мамыр күні сағат 20:00-де Tengri TV YouTube-арнасынан көріңіздер. ARU LIFE жобасының серіктесі – Аltel ұялы байланыс операторы.

Ләззат Еркінқызы балалық шағын еске ала отырып, үлкен әулеттегі көп немеренің ішінен алғашқы болып жоғары білім алғанын атап өтті.

"Біз үшін өмірдегі ең басты құндылық – білім. Мұндай бағдарламаларға осы құндылықты насихаттау, әйел адамның өмірде көздегеніне жетуі үшін, ең бастысы оның тәжірибелік дағдылары мен білімі екенін айту мақсатында барамын", - деді банктің басқарма төрайымы.

Ләззат Ибрагимова үшін көшбасшыны кез-келген қиын жағдайды еңсеріп, жеңіске жетелейтін басты мақсаты – ең алдымен өзін-өзі жеңу.

"Тұлғалық даму туралы дәрісім "өзіңе сен, өзгелерге сен" деген қағидалардан басталады. Жастардың ең жиі жіберетін қателігі – өздерін басқалармен салыстырады. Әріптестеріммен әңгімелескен кезде жастардың "оның ата-анасы жақсы білім алуына, жұмысқа тұруына жайлы жағдай мен мүмкіндік жасап берді" немесе "әрине, ол менен әдемірек, бойы ұзындау, спортқа да жақын" деп айтатынын байқаймын. Бұл – басты қателік, өзіңді басқамен ешқашан салыстыруға болмайды. Менен сұлу әйел әрқашан табылады, менен білімді мамандар да жетерлік, көзі тірі ата-анасы бар, яғни өзін қауіпсіздеу сезінетін адамдар да бар. Адам өзін өзімен ғана салыстыруы керек. Бұл жерде сіз, біріншіден, өзіңіздің маңыздылығыңызға мән бересіз. Екіншіден, "егер бүгін кешегіден жақсырақ болам десем, бүгін кешегіден көп жұмыс жасаймын, бүгін француз немесе қазақ тілінде қосымша 10 сөз жаттадым, тағы бір нәрсе үйрендім" деп, өзіңізге нақты жоспар құрасыз. Көшбасшы жолы дегеніміз осы, отырып алып, өзіңізді басқамен салыстыра беру емес", - деп баса айтты ARU LIFE жобасының қонағы.

"Сіз қандай басшысыз – қатал, әрі бәрін қадағалаушы ма, әлде микроменеджментке араласпайтын жұмсақ басшысыз ба?" деген сұраққа Ләззат Ибрагимова нақты жауап беріп, өз пікірін түсіндіріп өтті.

"Мен, негізі, жұмсақпын. Жақында орынбасарларымның бірі "Мать Тереза болғаның жетер, Маргарет Тэтчер болатын кез келді" деді. Менің айналамдағылардың бәріне сенімім мол, яғни өзіме, түйсігіме сенемін, өзгелерге сену қиынырақ, бәрінің бірдей қолы келе бермейді. Басқаларға сену деген – басқаларды сыйлау. Өзгелерге сену дегеніміз – оларға сенім білдіру. Яғни, мен саған сенемін, сондықтан осындай құзыреттерді сеніп тапсырамын. Саған сырымды ашып отырмын, себебі саған сенемін, сенімен шын жүректен сөйлесіп отырмын деймін. Бұл – сенімнің ең жоғарғы түрі. Сондықтан компанияны басқаларға сенім білдіре отырып басқаратын басшымын деп ойлаймын", - деп пікірін бөлісті Ибрагимова.

Банк саласында әйел адамдарға ер азаматтармен бәсекелес болудың қиындығы жайында айта келе, спикер бүгінде қоғамда түрлі қоғамдық институттар бар екенін мемлекеттердің гендерлік даму деңгейлері әртүрлі болатынын атап өтті.

"Менің 16 жастағы қызым гендер тақырыбындағы конференцияға қатысты. Білім алуға рұқсат бермейтінін айтып, баяндама жасаған Пәкістан мен Ауғаныстанның қыздарын көріп, ол қатты таң қалып, елімізде жан-жақты мүмкіндік жасалғанын түсініп келді. Қазақстанда әйел адамға мансап құру нақты бір деңгейге жеткенше жеңіл. Мемлекеттік қызметте басқарма басшысы, департамент директоры деңгейіне дейін өте білімді аса дарынды қыздар өте көп. Мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасаймын, мемлекеттік қызмет деңгейінде вице-министр әйелдер анағұрлым аз, министрлер санаулы. Жекеменшік секторда да дәл солай, шешім қабылдау, өнімдер шығару, бизнес-үдерістерді цифрландыру саласы, бизнес-сарапшылар арасында әйел адамдар көп. Бірақ жетекшілік қызметіндегі әйелдер өте аз. Бұл тарихи кезеңді мойындап, егер бәсекелес болғың келсе, сені ол жерде ешкім құшақ жая қарсы алмайтынын, ешкім қошемет көрсетпейтінін, алдыңнан есік ашып беретін де ешкім жоқ екенін түсіну керек. Сондықтан, біріншіден, жаныңда отырған ер адамнан әлдеқайда кәсіби болуың керек, екіншіден, кез-келген жиналыс пен тапсырмаға дайындығың 20 пайызға артық болуы тиіс, әлеуметтік интеллект, эмоциялық интеллект тұрғысынан күйзеліске төзімдірек болуы қажет. Төртіншіден, бұл – сенің таңдауың екенін ұғыну қажет", – деп түйіндеді Ләззат Ибрагимова.

ARU LIFE жобасының серіктесі - Аltel ұялы байланыс операторы. Аltel Қазақстанда 4G-ден ондаған есе жылдам 5G технологиясын белсенді дамытуда.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети