25 қаңтар 2017 13:19

Леонардо Ди Каприоның Астанаға қашан келетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АиФ © АиФ

Қыркүйек айының басында Леонардо Ди Каприо Астанаға келеді. Бұл туралы "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының төрайымы Салтанат Рахымбекова Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қыркүйек айының басында Леонардо Ди Каприо Астанаға келеді. Бұл туралы "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының төрайымы Салтанат Рахымбекова Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр "Жасыл көпір" Серіктестік бағдарламасын дамыту аясында Қазақстан 30-40 жыл жұмыс істейтін үлкен келісімді дайындауға кіріскенін айта кетті коалиция төрайымы.

"Бұл Іле-Балқаш аумағындағы экожүйені қалпына келтіруге, жолбарыстар популяциясын жандандыруға бағытталған. Жабайы табиғат қоры бұл бастаманы бірнеше жыл бұрын ұсынған. Алайда бұл мәселе бойынша нақты қадамдар енді жасалып жатыр. Қазір Қор мен Үкіметтің арасында жобаға 10 миллион еуро бөлу туралы келісім дайындалып жатыр. Келісімшартқа 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде қол қойылады, EXPO-2017 аяқталар тұста", - деді Рахымбаева. 

Сонымен қатар, Қор делегациясын Нидерланды патшайымы Лауренти бастап келетіні белгілі болды. Ол Нидерланды климатының өзгеруі бойынша қор жетекшісі.

"Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ елшісі және WWF жолбарыстарды сақтау бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо да келеді. Қазір осы іс-шара өтетін орын бөлу туралы мәселе қаралып жатыр", - деді Салтанат Рахымбаева.

"Сондықтан климаттың өзгеруі бойынша бірінші және әзірше жалғыз елші Леонардо Ди Каприоны Қазақстанға шақыру туралы бастамамыз іске асу керек. Өйткені осындай тұлғалар сапарының қаржылық жағы мен Қазақстанда болуын ұйымдастыруды Жабайы табиғат қоры өз мойнына алады", - деп аяқтады сөзін отандық коалиция басшысы.

Мұның алдында Леонардо Ди Каприо EXPO-2017 көрмесіне шақырылатыны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети