1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ломбард басшылары Ресей мен Қырғызстанда болуы мүмкін - ІІМ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Полиция ломбардтар ұрлаған 40 миллион теңгенін қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтардан алынған ақшаның басым бөлігі қолма-қол төлеммен жасалған, инкассацияланған. Қаржы бақылау комитетімен, Бас прокуратурамен бірігіп, ұрланған ақшалар мен мүлікті қайтарып алу бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Тексеріс барысында 40 миллион теңгенің табылғанын айта аламын. 21 пәтер мен 3 үйге, 30-дан аса көлікке тыйым салынды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Ол 12 күдіктінің қазір халықаралық іздеуде екенін айтты.

"Өкінішке қарай, олар азаматтар шағымданғанға дейін Қазақстан аумағынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта олар Ресей мен Қырғызстанда жүруі мүмкін деген ақпарат бар. 15 күдікті қамауға алынды. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді Әділов.

Мұның алдында Әділов ломбардтарды жарнамалаған жұлдыздар мен блогерлерден жауап алынатынын айтқан еді. "Таяуда қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада жұлдыздарынан (блогерлерден - автор.) жауап алынады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150, 157-баптары бойынша олар жауапкершілікке тартылады. Біздің шоу-бизнес пен эстрада жұлдыздарымыз қылмысты жарнамалаған кезде қылмыстық ұйымдардың да қызметін жарнамалағанын білуі керек болған", - деген еді Әділов.