21 қаңтар 2014 15:54

Лондон соты кінәсіз деп таныған Теңізбаев елге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Теңізбаев. ©Жанкелді Қаржан Азамат Теңізбаев. ©Жанкелді Қаржан

Өткен жылы шілденің 15-21 күндері аралығында Мексиканың Пуэбло қаласында жалауы желбіреген таэквододан әлем чемпионатына қатысып қайтқан Азамат Теңізбаев "ұшақ ішінде белгісіз қызға қол жүгіртті" деген айыппен Лондонда қамауға алынған болатын. Арты үлкен дауға айналған мәселе алты айға созылып, Азаматқа тұманды Альбионда соттың қорытындысын сарғая күтуге тура келген-ді. Лондонда бір ай түрмеде қамауда болып, кейін 10 мың доллармен кепілдікке шыққанынан хабардар болатынбыз. Қалған бес айда оның адвокаты үшін жұмсалған шығын 50 мың долларды құрап отыр. Сөйтіп, бас-аяғы алты айда алпыс мың долларды сотқа шығындаған таэквондошы Теңізбаев дін-аман туған елге оралды. Сыртқы істер министрлігі мен Таэквондо федерациясының тікелей қамқорлығы Азамат Теңізбаевты ақтауға үлкен сеп болған. 2014 жылдың 6 қаңтарында үш күнге созылған ағылшын сотының қорытындысы бойынша 12 алқа биі отандасымыздан еш кінә таппаған. Азамат болған оқиға туралы: "Әлем чемпионатының соңғы күнінде мен сайысқа түстім. Содан шыққаннан тынықпастан ұшаққа отырдық. 11 сағат ұшатын болғандықтан, шаршаған күйі ұйықтап кетіппін. Қасымда бейтаныс қыз отырды. Ұйықтаған кезде басым оның иығына түйісіп кеткен болуы керек, қолым да оның денесіне тиіпті. Мен оны байқаған емеспін. Арада біраз уақыт өткенде стюардесса мені алып кетті. Құрамадағы Қайрат Сарымсақов деген жігіт тілмаш болып, стюардесса меннен: "Сен оған тиістің бе?!" деп сұрады. "Мен ұйықтадым. Ештеңе демедім" дегеннен кейін ол: "Ноу проблем" деп жіберді. Сосын мен өзіміздің құрамадағы Жұлдыз деген қызбен орын ауыстым" дейді. Бірақ Лондонға келгенде жағдай басқаша өрістеген. 24 жастағы израилдік қыз "жыныстық сипатта әрекет еткісі келді" деп шағым түсірген соң, британ полицейлері Азаматты әуежайдан алып қалған. Лондонға виза болмағандықтан құрамадағылардың бірде біреуі транзиттік аймақтан ары аттап, Азаматпен бірге қала алмапты. Жағдайды тезірек аяқтау үшін сол жақтан бекітілген адвокат мойындай салуды сұрағаны, алайда мойындаудан соң жағдай басқаша өрбігені белгілі. Міне, Азаматқа қатысты Лондондағы сот ісі осымен тәмам. "Шағымданған қыз сотқа із салған емес" - дейді ол. Айтпақшы, Азамат кепілдікпен босаған уақытын құр өткізбей тіл сындыруға жұмсапты. Ағылшын тілін білмеудің қорлығы өткен-ау шамасы. Сондай-ақ, жаттығудан да қол үзбепті, спорт залы мен бассейнге тұрақты барып тұрған. Қазір Азамат аз уақыт тыныққан соң жаттығуды бастаймын дейді. Және алдағы турнирлерге қатысуды көздеп отыр. "Спорт - менің өмірім. Сондықтан мен одан ұзап ешқайда бармаймын. Алда біраз жарыстар бар. Жаттығуды жалғастырып, бабыма келгеннен кейін құрамаға оралатын боламын. Маған қолдау көрсеткен федерацияға, Сыртқы істер министрлігіне, барша достарым мен қазақстандықтарға алғысым" шексіз" дейді ол баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети