21 қыркүйек 2020 10:07

Лукашенконың ұлы Беларусьтегі митингілер туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tut.by Фото: tut.by

Беларусь президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі, Александр Лукашенконың үлкен ұлы Виктор елдегі митингілерден қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Беларусь агенттігіне сілтеме жасап.

"Қараңыздаршы, қала қандай таза? Бірі демалуға, екіншісі балаларымен қыдыруға бара жатыр. Ал митингілер ше? Олар өтіп жатыр. Біз одан қорыққан жоқпыз", - деді ол өзі қатысқан мотошеру туралы пікір білдіре отырып.

Бұл шара ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған екен. Ол Ресей және Беларусь қалаларында өткен. Мотошеруді халықаралық Harley owners Group (H. O. G) мотоклубы ұйымдастырған.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети