14 қыркүйек 2018 12:51

ІІМ басшысы қазақстандықтардың сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қазақстандықтардың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қазақстандықтардың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өкінішке қарай, соңғы кездері ішкі істер министрлігі және полиция қатты сынға ұшырап жүр. Көп жағдайда сын дұрыс айтылып жатыр. Шын мәнінде полицияда шешілмеген мәселелер өте көп, олармен жұмыс істеп жатырмыз. Оны қоғамнан жасырмаймыз. БАҚ жариялаған материалдарды министрлік жіті бақылап отырады. Әрбір мәліметке қатысты заңбұзушылық анықталса, қатаң шаралар қолданылады. Жұмыстан босатуға дейін барамыз", - деді министр. 

Оның айтуынша, өткен жылы теріс пиғылмен ішкі істер органдарынан 600 қызметкер жұмыстан босатылған. 

"Қолданылып жатқан шаралардың жүргізіліп жатқанына және әкімшілік санкцияларсалынғанына қарамастан, көліктегі полицейлердің жұмысы азаяр емес. Өткен жылы 17,8 мың мас жүргізуші ұсталды. 25,6 мың жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды, ал 2200 жүргізуші - әкімшілік қамауға алынды. (...) Бүгінде рецидив қылмыстармен жұмысты күшейтуді қарастырып жатырмыз, бұрындары сотталған 30 пайыздан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың әрбір бесіншісінің өтелмеген мерзімі бар", - дейді министр. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау жүйесінде модернизация жүргізілуде. 

Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында Президент әкімшілігінде құқық қорғау жүйесі бөлімін басқаратын Алексей Калайчиди оқыту жүйесі түбегейлі өзгертілетіні және жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу кезіндегі алгоритмде өзгеретінін айтты. Құқық қорғау жүйесіне модернизацияның жасалу себебі халықтың сенім арту деңгейінің төмендеп кетуіне байланысты екені айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети