ІІМ басшысының орынбасары "бәріне рұқсаты бар" көліктер туралы: Бұл заңды 31 мамыр 2023, 11:52

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Онда полицейлер ереже бұзған жүргізушіні "бәріне рұқсаты бар" арнайы қағаз көрсеткеннен кейін босатып жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен айтайын, бұл үлкен құпия емес, бірақ арнайы қызметтеріміздің арнайы көлігі бар, олар тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолдана алатын құжаттарды пайдаланады", - деді Қожаев.
Министр мұндай құжаттардың заңдылығы туралы сұраққа қысқаша жауап берді: "Бұл заңды".
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде полицейлер белгісіз құжатты көрсеткеннен кейін жүргізушіні қалай босатқаны түсірілген видео пайда болған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
- ПОДЕЛИТЬСЯ