16 ақпан 2022 22:35

ІІМ Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының жаңа видеоларын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қаңтарда болған оқиғалардың жаңа видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қаңтарда болған оқиғалардың жаңа видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар Орталық коммуникациялар қызметіндегі Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері қатысқан брифингте көрсетілді.

ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, Атырауда 5 қаңтарда қаланың орталық көшелерінің бірінде облыс әкімдігі ғимаратын күзетуге жұмылдырылған полиция қызметкерлерін топ болып аяусыз ұрып-соққан екі тұрғын ұсталды.

"Видеодан көрініп тұрғандай, шабуылдаушылар бір қызметкерді жерге құлатып, оны таяқпен ұрып, екіншісін тепкілеп, сабағанын, сондай-ақ басынан каскамен ауыр зардапқа әкеп соққан соққылар жасады", - деді Әділов.

Оның айтуынша, осы қалада тәртіпсіздіктерге қатысушылар жедел жәрдем көлігінің жолын жауып, ауруханаға барған жеткізілген полиция қызметкерлерін қайта ұрған.

Санжар Әділов Қызылордада 5 қаңтарда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге арналған әскери КамАЗ-бен жұртты соғуға ұмтылған ер адам ұсталғанын мәлімдеді.

"Көліктің соқтығысуы салдарынан Ұлттық ұлан қызметкері - 19 жастағы әскерге шақырылушы оқиға орнында қаза болды. Ата-анасы жалғыз ұлынсыз қалды, көзі тірісінде ол бағдарламалаумен айналысқан және философияны жақсы көрген. Қарағанды техникалық университетінде оқыған. Өмірге үлкен жоспары болған, IT-маман болуды арманған", - деді Әділов марқұм туралы.

Сол күні тағы бір шабуылдаушы Қызылордада әскери КамАЗ-ды басып алған. ІІМ өкілінің айтуынша, көлік жүргізген ер адам электр беру тірегіне зақым келтіріп, бейнебақылау камерасын істен шығарған. Содан кейін жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алу мақсатында қоршау қақпасына кіріп кеткен.

"Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қауіпсіздік қызметкерлеріне дене жарақаттарын келтіру үшін металл шыбықтар жасап, қала көшелерімен жүріп өтіп, "Газель" автокөлігімен наразылық білдірушілерге таратқан алты адам ұсталды", - деді Әділов.

"Талдықорғанда осы қаланың үш тұрғыны ұсталды, олар 5 қаңтарда тәртіпсіздіктерге белсенді қатысып, қалалық полиция басқармасы ғимаратынан 7 Макаров тапаншасы мен бір Калашников автоматын ұрлап кетті", - деді Әділов. 

Ұрланған қару тәркіленіп, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, Telegram-дағы ресми арнада қаңтар оқиғаларының басқа да видеолары жарияланды.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети