17 қаңтар 2024 09:34

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, ауа райының бұзылуы, жолдың нашар көрінуі, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қыстың басынан бері мыңнан аса, оның ішінде қаңтарда үш жүзден аса жол жабылған.

"Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және ұялы телефондарға хабарлама жіберу арқылы халыққа жолдардың нақты учаскелеріндегі жағдай туралы ақпарат жеткізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы учаскелерге полиция нарядтары қойылады. Қажет болған жағдайда олар автокөліктерді сүйемелдейді. Жолдардың көрінуі нашарлаған жағдайда патрульдік көлік маяктарды қосып, автокөліктердің алдына түсіп, басқаларға бағдар береді", - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев

Биыл жолдарды жабу барысында 15 мыңнан аса көлік құралдары сүйемелденді, қар үйінділерінен 433 адам, оның ішінде 44 бала және 117 автокөлік эвакуацияланған.

"Жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады. Бір жыл ішінде бағынбау тағы қайталанса, он тәулікке дейін қамалады. Жолдарды жабу кезіндегі талаптарға бағынбағаны үшін жыл басынан бері сегіз құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші! Қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолдарға шықпаңыз, қала сыртындағы сапарлардан бас тартыңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!" – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети