26 қыркүйек 2022 12:18

ІІМ Қазақстанға мигранттар ағыны себебін атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ресейліктердің Қазақстанға ағылуының бір себебі – қоныс аударуға қазақстандық әуе айлақтарын пайдалану мүмкіндігі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"РФ азаматтарына Қазақстанның транзиттік әлеуеті барын ұмытуға болмайды. Жаңалықтардан Ресей әуежайларында үлкен сұранысқа байланысты әуе билеттеріне қатысты проблемалар басталғанын көруге болады. Біздің әуе айлағымызды ресейліктердің релаксацияға пайдалану мүмкіндігі иммигранттар легі себептерінің бірі саналады. Транзитке келетін болсақ, тек қыркүйектің кейінгі күндері ғана Қазақстаннан Ресей Федерациясының 40 мың азаматы кетті", - деді Аталықов ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мыңдаған ресейлік Қазақстан арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға кеткен. Бес күн ішінде қазақстандық әуежайлар арқылы алты мыңға жуық ресейлік ұшқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети