ІІМ қазан айы басталғалы 54 есірткі қылмысын анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Polisia.kz Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті белсенді түрде жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті белсенді түрде жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазан айының басынан бастап бүкіл ел бойынша 54 есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде есірткі сатудың 29 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың жеті фактісі, үш контрабанда фактісі және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің жеті фактісі бар. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 килограмнан асады. Бұған 214 кг марихуана, 5 кг гашиш және 31 кг синтетикалық есірткі кіреді, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды. 35 жастағы ер адам ұсталып, одан 300 грамнан астам мефедрон және 36 кг прекурсор табылды.

Екібастұзда да синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды. Екі жергілікті тұрғын курьерлерді тарта отырып, есірткіні интернет арқылы сатуды жоспарлаған.

Елордада есірткіні жарнамалайтын QR-кодтары бар стикерлерді жапсырумен айналысқан 27 жастағы әйел ұсталды.

Ақмола облысында есірткіні өз үйінде және жалға алынған жертөледе сақтаған 54 жастағы ер адам құрықталды. Одан 34 кг марихуана және 2 кг гашиш тәркіленді.

Атырауда 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел ұсталды. Олардан синтетикалық есірткі салынған 81 орам табылды.

Қостанай облысында 25 синтетика орамы бар 16 жастағы студент ұсталды. – ІІМ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда, – деді ІІМ ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer