10 қараша 2022 11:05

ІІМ казиноға миллиондап ақша жаратқан полицейлер туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ Алматы облысының прокуратурасы мәліметінде казинода ойын ойнаған полицейлер саны асыра айтылғанын және құмар ойыншылар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Алматы облысының прокуратурасы мәліметінде казинода ойын ойнаған полицейлер саны асыра айтылғанын және құмар ойыншылар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ойын мекемелеріне барғаны анықталған полиция қызметкерлеріне тексерулер жүргізілді. Іс жүзінде 88 полиция қызметкері анықталды - ақпаратта бірқатар полицей деректері қайталанады (Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, казинода 97 полиция қызметкері байқалған - еск.). Оның 17-сі ішкі істер органдарынан бұрын босатылған.

Ойын бизнесімен айналысқаны анықталған қызметкерлерге "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды", - делінген министрлік ресми сауалға берген жауабында.

Ішкі істер министрлігі барлық деңгейдегі басшылармен және жеке құраммен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне де, мемлекеттік қызметшілерге де қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін түсіндірді.

Бұл ретте Ішкі істер министрлігі бұл 88 қызметкердің кім екенін, қандай қызмет атқарғанын, жылдық жалақысы қанша, ойынханада қанша ұтылғанын айтудан бас тартты. Осы мәселелер бойынша Tengrinews.kz тілшісі қайтадан сауал жолдады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:

  • Ішкі істер министрлігі - 97;
  • Қорғаныс министрлігі - 95;
  • Қаржы министрлігі - 25;
  • Жоғарғы Сот - 7;
  • Қаржы мониторингі органдары - 15;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
  • әкімдіктер - 36;
  • басқа да мемлекеттік органдар - 27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети