10 қараша 2016 14:54

ІІМ өкілдері қазақстандықтардың жоғалып кету себептерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz редакциясы жолдаған ресми сауалына берген жауабында қазақстандықтардың көбінесе қандай себеппен жоғалатынын түсіндірді.


Ішкі істер министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz редакциясы жолдаған ресми сауалына берген жауабында қазақстандықтардың көбінесе қандай себеппен жоғалатынын түсіндірді.

"ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша, 2015 жылы 2 992 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Олардың 2 524-і табылған, ал қалған 468 адам сол бойы табылмаған. 2016 жылдың 9 айында 2 634 адамға іздеу салынған, олардың 2 237-сінің қайда екені анықталса, 397-і әлі де іздеуде жүр", - деді ведомстводағылар.

ІІМ мәліметінше, елімізде ер адамдар жиі жоғалады. Сондай-ақ, олар мұны ер адамдардың қызметтік іссапарларға шығып, жүк тасу сияқты жұмыстармен айналысуымен байланыстырып отыр. 

Ведомстводағылардың мәліметінше, қазақстандықтардың арасында Желіде танысқан соң із-түссіз жоғалып кету деректері жиі кездеседі. Жастар, әсіресе, кәмелет жасқа толмағандар танысу үшін арнайы сайттарға кіріп, кездесуге барады. Олар бұл жайлы ата-аналарына айтпай кетіп қалады. 

"Жоғалып кеткендердің санына түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта елімізде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шаралары нақтыланған (заманауи технологиялар барынша дамыған)", - деп қорытындылады ІІМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети