14 сәуір 2022 08:48

Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.

Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылы қаңтарда Президент кеңесшісі болып тағайындалған. Айта кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі қызметінде 4 ай қызмет еткен болатын.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.

2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері - басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін " ТеңізСервис "ЖШС бас директоры болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап энергетика вице-министрі болды. "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети