Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңының қолдануы аяқталатындықтан, Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы" заң жобасы әзірленген.
"Үш жылдық кезеңге арналған субвенциялар мен алынымдарды есептеу өңірдегі бюджеттік қызметтерді алушылардың санына, сондай-ақ қандай да бір өңірдің ерекшелігі (демографиялық құрам, халықтың орналасу тығыздығы, климаттық жағдайлары, көлік қолжетімділігі және т.б.) ескеріле отырып, оларды ұсыну құнына ықпал ететін объективті факторларына сүйене отырып жүргізілді", - деді Қ.Бишімбаев.
Жалпы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіруге және мемлекет кепілдік қызметтер ұсынуда тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
"Кірістердің болжамды көлемін және жергілікті бюджеттердің шығыстарын ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттер мынадай көлемде анықталды: бюджеттік алынымдар: 2017 жылы - 239,9 миллиард теңге; 2018 жылы - 257,0 миллиард теңге; 2019 жылы - 292,2 миллиард теңге; бюджеттік субвенциялар: 2017 жылы - 1 482,9 миллиард теңге; 2018 жылы - 1 563,8 миллиард теңге; 2019 жылы - 1 568,3 миллиард теңге", - деді ол.