16 қыркүйек 2015 15:52

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваны Үкіметке қалай шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Теngrinews.kz Иллюстрация © Теngrinews.kz

Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваны Үкіметке шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаеваны Үкіметке шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында "Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе қаралды және ол күн тәртібінде бірінші орында тұрды.

Бұл мәселені қарап болғаннан кейін депутаттар заң жобаларын қарауға кірісті. Түскі сағат 13.00-ге қарай үзіліске шыққан олар банкет залында Дариға Назарбаеваны шығарып салу шарасын өткізді. Депутаттар оған сәттілік тілеп, гүлдері мен сыйлықтарын тапсырды.

Залдан Парламент Мәжілісінің бұрынғы вице-спикеріне айтылып жатқан тілектер де естілді. "Өз міндеттерін жүзеге асыра білетін", "Сіз ең үздіксіз", "Біз Сізді жақсы көреміз және қолдаймыз", "Сіз өз халқыңызды сүйесіз", "Біз Сізді әрдайым жақсы көріп, құрметпен қарайтын боламыз". 

Депутаттардың өздері Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбаттарында Дариға Назарбаевамен қоштаспайтындарын және бұдан да тығыз байланыста жұмыс істеуге сенетіндерін мойындады.

"Менің ойымша, енді біз Үкіметке аппеляция бойынша жиі бара алатын боламыз, себебі бұған дейін мұндай мықты, адекватты, терең ойлы адам болмағандықтан Үкіметке сөзімізді жеткізе алмайтынбыз. Осы күнге дейін істес адам жетіспей келді. Енді мен, Парламентте осы қиын кезеңдерден өткеннен кейін Дариға Нұрсұлтанқызының заң шығарушылыққа қатысты мәселелерге терең үңілетініне сенімдімін", - деді депутат Азат Перуашев.

"Ол өзін Мәжілісте көрсеткендей, тағы бір жаңа майданда көрсете алады. Мәжілісте ол біздің барлық ісіміздің өзінің жаңа тәсілдерімен көзін ашты. Ол қазір бар проблемаларға мойын бұруға көмектесіп, мәжбүр етті деуге болады. Менің ойымша, Мәжілістегі тәжірибесімен ол Үкіметте барлық саланы қалай дамытып, жүзеге асыруды көрсетіп беріп, соны орындайды", - деп пікірін айтты төменгі палатаның депутаты Серікжан Қанаев.

"Бір жағынан өте өкінішті, біздің арамыздан өте жігерлі адам кетіп барады. Ол басында әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депутаттарды біріктіріп, кейін Мәжілістің вице-спикері болып, қалған депутаттардың барлығын топтастыра алды. Екінші жағынан, ол енді Үкіметте бұдан зор еңбекті атқарады. Себебі ол біздің жұмыстың әлеуметтік жағына жауап берді. Дәл осы сала Үкіметте ақсап тұр. Менің ойымша, бұл тағайындаудан кейін ол жақта өзгеріс болады. Мен оған үміттенемін. Мен оған сенемін", - деді депутат Мұрат Ахмадиев. 

"Адаммен бір емес бірнеше жыл бірге жұмыс істегеннен кейін және жұмыс істеп қана қоймай, ол адамның өз Отанының патриоты екенін сезінсең, адамның өз ісіне, өз халқына берілген екенін сезінсең, әрине. Мен Ұлы даланың ұлы болсам, ол Ұлы даланың қызы. Оның құрметті, салмақты, жауапты орында, саяси қызметте отыратыны қуантады. Өмірлік мол тәжірибе, саяси мол тәжірибе, әрине Үкімет пен Парламент арасындағы серіктестігімізге үлкен қозғалыс алып келеді. Бұл байланыс соның арқасында жаңарып, жалғасын табады", - деді төменгі палатаның депутаты Бақытжан Ертаев.

Айта кетейік, Дариға Назарбаеваның өзі Парламенттегі жұмысынан кетудің оған қалай әсер еткені туралы БАҚ өкілдеріне пікір айтудан бас тартты.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін Назарбаева Парламент Мәжілісінде 2012 жылдан бастап жұмыс істеді. Депутат болды, әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. 2014 жылы сәуірде Мәжілістің вице-спикері, "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының басшысы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети