Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыс барысында "ҚР Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қордан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт бір АҚШ доллары үшін 360 теңге есептік бағамына сүйене отырып, жыл сайын 2 880 млрд теңге мөлшерінде белгіленген", - деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Оның айтуы бойынша, кепілдік берілген трансферттің 2017-2019 жылдарға белгіленген мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыздантөмен болмайтын кемімелі қалдығы бойынша шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджетті тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бюджет шығыстарын толық көлемде қаржыландыруға, сондай-ақ елдің экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.