18 наурыз 2021 16:44

Мәжіліс пен Сенат келіспеушіліктерді шешу үшін комиссия құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс пен Сенат адвокаттық қызмет туралы заң жобасы бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу үшін арнайы комиссия құрады. Парламенттің екі палатасы да комиссия мүшелерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс пен Сенат адвокаттық қызмет туралы заң жобасы бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу үшін арнайы комиссия құрады. Парламенттің екі палатасы да комиссия мүшелерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәжіліспен болған келіспеушілікті шешу жөніндегі келісім комиссиясына Парламенттің жоғарғы палатасының үш депутаты - Сәуле Айтбаева, Андрей Лукин және Сұлтанбек Мәкежанов кіреді.

Мәжілістің 17 наурыздағы хабарламасында палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті депутаттар комиссиясына Снежанна Имашеваны, Арман Қожахметов пен Артур Платоновты қосу ұсынылғаны айтылған.

"Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы ымыралы шешім қабылдайды. Бұдан әрі шешімді Мәжіліс қарайды, ол мақұлдағаннан кейін Сенатқа жіберіледі", - делінген Сенат хабарламасында.

Еске салайық, 4 наурызда Сенат отырысында адвокаттық қызмет туралы заң жобасы қаралды. Палата түзетулер енгізгеннен кейін құжатты Мәжіліске қайта қарауға жолдады, онда заң жобасы бойынша келіспеушіліктерді жою жөнінде келісім комиссиясын құру қажет екені жазылған. 

Жоғарғы палатаның баспасөз қызметі өкілі соңғы рет Парламентте келісім комиссиясы 2019 жылдың соңында ТКШ туралы заңнамаға түзетулер енгізу бойынша құрылғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети