Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыс жұма, 26 маусымда Астанада өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.
Алдағы отырыстың күн тәртібі әзірге нақтыланған жоқ.
Мән-жайы
Бұған дейінгі Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы 20 мамырда өткен болатын. Онда депутаттар екінші оқылымда алты конституциялық заңды - Президент туралы, Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы, Қазақстан Халық Кеңесі, елорда мәртебесі, әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңдарды, сондай-ақ басқа да конституциялық заңдарды жаңа Конституцияға сәйкестендіретін түзетулерді қабылдады.
Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде өз күшіне енеді. Бұған дейін қабылданған заңға сәйкес, Құрылтай қазіргі қос палаталы Парламенттің құқықтық мирасқоры болады. Жаңа бір палаталы заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы тамызда өтуі тиіс.