07 сәуір 2016 15:13

Мәжілісмендердің "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұруына әр тәулік үшін қанша төленгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмендердің "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұруына әр тәулік үшін қанша төленгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәжілісмендердің "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұруына әр тәулік үшін қанша төленгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Парламентінің шаруашылық басқармасындағылардың мәлімдеуінше, депутаттар бір тәулігіне 120 мың теңге төлеп тұрды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Елордада тұрмайтын депутаттарды баспанамен қамту ҚР "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңының 30-бабы 2-бөлігі бойынша реттеледі", - деді басқармадағылар.

"Мәжілістің жаңадан сайланған депутаттарын оларға қызметтік баспана берілгенше уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, Парламенттің шаруашылық басқармасы 2016 жылы ақпанда қонақүйлер қызметі бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауын жүргізді. Байқаудың нәтижесі бойынша, "Солакс" (Пекин Палас) қонақүй бизнесін басқару компаниясы" ЖШС тиімді бағаны ұсынып, жеңіске жетті. Келісімшартқа сәйкес, жалға алу құны бір тәулігіне 29 мың теңге болды", - деді Парламенттегілер.

Қонақүйде Мәжілістің 31 депутаты тұрды, олардың бір бөлігі наурыздың соңында, қалғаны сәуірдің басында көшіп келді. Парламенттегілердің айтуынша, қазір қызметтік баспаналарды үлестіру бойынша жұмыстар аяқталып, депутаттар пәтерлеріне көшіп жатыр.

Бұған дейін мәжілісмендер депутаттардың "Бейжің сарайы" қонақүйінде уақытша тұрып жатқандары туралы ақпаратты растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети