Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа және қолданыстағы Салық кодексінің жобасына екінші түзетулер пакетін енгізді.

Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлердің табыс деңгейіне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу. Төмен табыс табатын азаматтар жоғары жалақы алатындарға қарағанда төмен мөлшерлеме бойынша салық төлейді.

Сондай-ақ, азаматтардың медицина, білім беру, әлеуметтік аударымдар сияқты шығындары бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылып отыр. Қазіргі 14 АЕК орнына 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Сонымен қатар, қосымша шегерімдер алып тасталады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп, жеке тұлғаларға салық органдарына артық құжат тапсыру қажеттілігін жояды.

"Экспорттық-кредиттік агенттікке салық салу тәртібін белгілеу және банк қызметі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін нақтылау ұсынылады, бұл осы саладағы белгісіздікті жояды. Сондай-ақ, мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салу жоспарланып отыр. Бұл - мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі. Халықаралық тәжірибеге сәйкес энергетикалық сусындарға акциздер белгіленеді", - деп жазылған хабарламада.

Экономика министрлігі мәліметінше, мұнай саласындағы салық жүйесін реформалау аясында "салық маневрін" жүргізу көзделіп отыр, экспорттық төлемдерге, соның ішінде ренталық салыққа түсетін жүктемені мұнай өндіру кезеңінде төленетін салыққа ауыстыру ұсынылады. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп, бюджеттің кірісін тұрақтандыруға мүмкіндік бермек.

"Салық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған бөлек түзетулер блогы ұсынылған. Ол салық органдарының бақылау функцияларын қайта қарауды және салық міндеттемелерін жинау мен мониторингтеу тетіктерін нақтылауды көздейді. Сонымен қатар, екінші пакет аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инвестициялық саясат, әлеуметтік төлемдер тәртібі секілді бірқатар ілеспе заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы, сондай-ақ, арнайы салық режимдерін қолданудағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл – елдегі салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Үкімет жаңа Салық кодексі жобасы мен оған ілеспе заңдарға 71 түзету, ал қолданыстағы Салық кодексіне 67 түзету ұсынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer