02 қараша 2023 11:18

Макрон қазақ тілінде твит жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапарынан кейін X (Twitter) әлеуметтік желісінде бірнеше жазба жариялады. Ол жазбалардың бірін қазақ тілінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапарынан кейін X (Twitter) әлеуметтік желісінде бірнеше жазба жариялады. Ол жазбалардың бірін қазақ тілінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", - деп жазды Макрон.

Сондай-ақ, Макрон өз оқырмандарына Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісім жасалғанын хабарлады.

"Бұл күрделі сын-қатерлерге қарсы біздің ынтымақтастығымыз.Онда жастарымыз бар! Мәдениеттеріміз бен тілдерімізді байланыстыратын дәнекер ретінде Астанада кездестірген жастар достығымызды бейнелейді", - деп жазды президент.

Сондай-ақ, Франция басшысы елордалық университет студенттерімен кездесуінен видео жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети