09 тамыз 2018 17:57

Мақсат Дүйсенов бас көлік прокуроры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысымен келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен 9 тамызда Мақсат Дүйсенов бас көлік прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. ІІМ органдарында тергеу және басқарма жұмыстарында, Қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек өтілі бар.

2013-2014 жылдар аралығында ҚР Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

ІІ дәрежелі "Құрмет" және "Айбын" ордендарымен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети