04 мамыр 2020 13:38

Мақтааралдағы ТЖ: бес елді мекенде жағдай тұрақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақтаарал ауданының 10 елді мекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елді мекен - облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді.

Журналистерге брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылғанын жеткізді.

Ата айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 метр, биіктігі 1,5 метр болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елді мекенінен Мырзакент елді мекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елді мекенінің аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр. болатын бөгет жасалса, Ырысты елді мекенінде биіктігі 0,5 метр, ұзындығы 40 метр бөгет соғылды.

Сондай-ақ, Жантақсай елді мекенінің маңынан ұзындығы 800 метр болатын бөгет тұрғызылғаны айтылады.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети