02 мамыр 2020 16:43

Мақтааралға барлық көмек көрсетіледі - Өмірзақ Шөкеев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елдімекеніне барып, аппаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты.

Ең алдымен облыс басшысы Еңбекші ауылдық округі Жаңа тұрмыс ауылында болды. Мұнда 47 тұрғын үйде 321 адам тұрған.

2 мамыр күні түнгі сағат 01:50-де аталған елдімекенде эвакуациялау іс-шаралары басталды.

Жалпы елді мекенде 1 мектеп, 1 медпункт, 1 мешіт орналасқан. Жаңа тұрмыс ауылында ірі қара мал саны - 2700, қой саны - 3000, жылқы - 150, тауық 450 болатын. Облыс басшысы аудан әкімі Б.Асановқа төтенше жағдайдан зақым келген әлеуметтік нысан мен жапа шеккен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды.

Бұдан кейін өңір басшысы Жеңіс ауылына аялдап, жағдайымен танысты. Бұл ауылда 280 тұрғын үйде 1922 адам күн кешкен.

Елдімекенде 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медпункт, 1 мешіт,1 мәдениет үйі орналасқан. Қазіргі таңда зақымдалған ғимараттар анықталып жатыр. Бұл ауылда қазіргі таңда шамамен жайылымның 500 гектары, егіс алқабының 50 гектарын су басқан. Ауылда ірі қара мал саны - 350, қой саны - 270, түйе - 300, жылқы - 70, тауық - 700.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети