30 қаңтар 2020 09:16

Маман бензинді мөлшерден аз құятындарды қалай анықтауға болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Goldman Group холдингінің атқарушы директоры Дмитрий Гелемурзин жанармай құю бекеттерінде бензин құю кезіндегі алаяқтықты қалай анықтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Goldman Group холдингінің атқарушы директоры Дмитрий Гелемурзин жанармай құю бекеттерінде бензин құю кезіндегі алаяқтықты қалай анықтауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сарапшының айтуынша, көбіне жүргізуші бензин ақысын төлеп жатқан кезде жанармай құю бекеттерінің қызметкерлері бензинді екі литрге дейін толық құймауы мүмкін.

"Мұндай алаяқ әрекеттерге ұрынбау үшін жанармайды сенімді бекеттерден толтырған жөн. Дегенмен көбі бағаналарды әдейі айналдырып қоюы мүмкін, яғни олар автоматты басқаша жұмыс істейтіндей етіп, расында сіз төлеген сомаға 1-2 литр жетпейтіндей бензин құйып береді. Әдетте клиенттер мұны байқамай қалады", - дейді Дмитрий Гелемурзин.

Сондықтан, сарапшының айтуынша, жанармай құю бекетіндегі қызметкерлерді бақылап тұру қажет. Ал ең бастысы көліктің техникалық сипаттамасы мен бензин багының көлемін біліп жүрген жөн дейді.

Бензин құю кезіндегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети