01 мамыр 2020 09:37

Мамин: 1 мамыр - береке-бірлігіміздің символы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз - береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді.

Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!", - деп жазды премьер-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети