26 қараша 2019 15:11

Мамин интернет арқылы мемқызметтердің қолжетімділігін 90 пайызға жеткізуді міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "электрондық үкіметті" дамыту және халықтың цифрлық сауатын арттыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "электрондық үкіметті" дамыту және халықтың цифрлық сауатын арттыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған бағыттағы жұмыс туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Ә. Балташева баяндады.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 723 мемлекеттік қызмет енгізілген, олардың 580-і немесе 80 пайыз электронды форматта, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 648 қызмет немесе қызметтердің 89,6 пайызы ұсынылады. 143 қызмет немесе 19,8 пайызы әзірге қағаз форматында ғана қолжетімді. 182 мемлекеттік қызмет бойынша бизнес процестер оңтайландырылған, құжаттардың орташа саны 30 пайызға - 6-дан 4-ке, қызмет көрсетудің орташа мерзімі 3 есе - 31-ден 10 күнге дейін қысқартылған. 2018 жылмен салыстырғанда, композиттік мемлекеттік қызметтердің саны 2 есеге артқан.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша "eGov" порталында 10 млн астам пайдаланушы тіркелді, 36,5 млн қызмет алынды (2018 жылы - 27,5 млн қызмет). eGov mobile жаңа мобиль қосымшасы әзірленді. Қосымшада 31 қызмет пен сервис іске асырылды, осы жылдың соңына дейін қосымша 32 қызметті іске асыру жоспарда бар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық сауат деңгейі 79,6 пайыз құрады, жоспарланған көрсеткіш - 77 пайыз. Биыл 532 мың адам оқытылды, жоспар бойынша - 462 846 адам.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құжаттарды қабылдау және беру үшін Қазпоштаның 1656 бөлімшесі, 348 фронт офис, 16 мамандандырылған, 17 көші-қон және 18 цифрлық ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

"ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысында осы бағыттың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызна халық интернет арқылы қол жеткізе алатын болады. Біздің алдымызда келесі жылдың соңына дейін осы көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр", - деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы тұрғындар үшін мобиль құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту жұмысын тездетуді тапсырды.

"Бүгінде e-Gоv mobile мобиль қосымшасы арқылы 31 немесе шамамен 4 пайыз мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді", - деді Мамин. 

Премьер-министр ведомстволық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін бақылау мен мониторингтеуді күшейту мақсатында әр уәкілетті орган деңгейінде бірінші басшының осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарын дербес жауапты етіп белгілеуді тапсырды.

"Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жоспары барлық мемлекеттік органдарға қатысты және 2019-2020 жылдарға есептелген. Биылға жоспарланған жұмыстардың жартысы ғана орындалған. Ал қалған 50 пайыз ұзаққа созылып кетті немесе оларға бюджетті жоспарлау сапасы төмен. Қаржы, Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму, Энергетика, Экология, Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктері жыл соңына дейін Жоспардың 100 пайыз орындалуын қамтамасыз етуі қажет", - деді Мамин.

Үкімет басшысы барлық орталық мемлекеттік органдарға биылғы жылдың соңына дейін интернет ресурстардың Бірыңғай платформасына көшуді аяқтауды тапсырды. 

"Кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйелерді интеграциялау және бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы қолжетімді қызметтердің бүкіл спектрін кешенді түрде көрсетуге бағытталуы керек", - деп А. Мамин, цифрлық даму және ішкі істер министрліктеріне цифрлық және миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәжірибесін барлық әрекет етіп тұрған ХҚКО тарату жұмысын пысықтауды тапсырды.
Премьер-Министр "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудандардағы, шағын қалалардағы, ауылдардағы азаматтарды цифрлық технологияларды қолдану арқылы қашықтан оқыту құралдарын пысықтау қажеттігін тапсырды. 

"Жалпы бұл шаралар сұранысқа ие қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын және де электрондық сервистердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік бермек", - деді Үкімет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети