01 қаңтар 2022 13:41

Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен 2021 жылы оңай болған жоқ, алайда еліміз үшін табысты жыл болды - халқымыздың ерік-жігерінің арқасында біз қиындықтарды ойдағыдай еңсеріп, экономиканың негізгі салаларының орнықты өсуін қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыра алдық. Биыл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды міндеттерін іске асыру, пандемияның ықтимал жаңа толқынына қарсы тиісті шараларды қабылдау, қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту бойынша көп жұмыс атқаруымыз қажет. Біздің ауызбіршілігіміз, еңбексүйгіштігіміз және жарқын болашаққа деген үмітіміз нақты жоспарларымызды жүзеге асыруға, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін! Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, жақындарыңызға амандық-саулық және тың бастамаларыңызға табыс тілеймін! Жаңа жыл әр отбасыға сарқылмас қуаныш пен бақыт нұрын сыйласын!" - делінген сайтта.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жаңажылдық үндеуі жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети