22 маусым 2021 17:54

Мамин неге "Спутник V" вакцинасын салдырды? Баспасөз қызметі жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Үкіметтің баспасөз қызметі премьер-министр Асқар Мамин неге "Спутник V" вакцинасын таңдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкіметтің баспасөз қызметі премьер-министр Асқар Мамин неге "Спутник V" вакцинасын таңдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін Үкімет басшысына коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берілмеген, себебі антиденелер жеткілікті деңгейде болған. Айта кетейік, Мамин 2020 жылы коронавирус жұқтырып, симптомсыз ауырып шыққан. 

"Асқар Мамин "Спутник V" қазіргі уақытта Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілетін және Қазақстанда жаппай қолжетімді вакцина болғандықтан салдырды", - деді премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген "Спутник V" вакцинасын салдырды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети