21 қазан 2016 11:12

Мамин ШҚО жүйе құраушы кәсіпорындарының жұмысын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР премьер-министрдің сайты © ҚР премьер-министрдің сайты

Кеше ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, облыстық әкімдікте кеңес өткізді және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетке ие бірқатар ірі кәсіпорындарын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.


Кеше ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, облыстық әкімдікте кеңес өткізді және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетке ие бірқатар ірі кәсіпорындарын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Кеңес барысында өңірді дамытудың, жүйе құраушы кәсіпорындардың қызметінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жобаларды және ғылыми ұйымдардың әзірлемелерін енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысы еліміздің индустриялық орталығы екенін атап өтіп, өңірдің өнеркәсіп секторын дамыту мәселелері Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін баса айтты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары "ШҚО жүйе құраушы кәсіпорындарының жұмысындағы бірқатар проблемаларды орнында шешу үшін" өңірге министрліктер, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларынан құралған делегация келгенін айтты.

"Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындарын дамыту, жаңа өндірістер ашу, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Экспорттық әлеуеті зор жүйе құраушы кәсіпорындардың қызметі - бұл Шығыс Қазақстанның ғана емес, жалпы еліміздің экономикасының негізі", - деп баса айтты Асқар Мамин.

Кеңесте сондай-ақ облыс әкімі Даниал Ахметов, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "Қазцинк" ЖШС, "Kaz Minerals" басшылары сөз сөйледі. Олар өңірдегі және басқаратын кәсіпорындардағы ағымдағы жағдай туралы баяндады.  

ШҚО ірі кәсіпорындары өнеркәсіптік тауарлардың 65 пайызына дейін қамтамасыз етеді.  

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы облыс экономикасының негізгі салаларындағы дамудың оң динамикасымен сипатталады. Өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143 пайыз өсіммен 1 триллион 62 миллиард теңгеден асты.

ШҚО-ға жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары "Үлбі металлургия зауыты" АҚ, "Қазцинк" ЖШС, "ҚазРосПромАрматура" ЖШС өндірістік алаңдарын аралады және "АзияАвто Қазақстан" АҚ құрылыс алаңында болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети